Электронды жеке куәліктерді қабылдайсыз ба?
Иә, донорлар жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық сәйкестендіру қызметінің электрондық құжаты негізінде қабылданады.
СҰРАҚ № 2
Қашан қан тапсыруға болады?
«Атырау облыстық қан орталығы» ШЖК КМК
Донорларды дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08:30 дан 13:30-ға дейін қабылдайды.
СҰРАҚ № 3
Мен қашан қайтадан қан тапсыра аламын?
Қан тапсыру арасындағы ең аз аралық 60 күн.
Тромбоциттерді бергеннен кейін 14 күннен кейін қан немесе тромбоциттер бере аласыз.
СҰРАҚ № 4
Маған алдын ала тексеру зертханасынан өтіп,нәтижесімен келсем болама?
Жоқ,Сіз қан орталығында барлық қажетті талдауларды тапсырасыз.
СҰРАҚ № 5
Қан тапсыру үшін арнайы дайындық керек пе?
Иә, диетадан белгілі бір тағамдарды алып тастау керек майлы ысталған ащы тағамдар,алкогольдік сусындар,дәрі дәрмектер және т.б.
СҰРАҚ № 6
Мен ауырып жүрсем немесе ем алып жүрген болсам қан тапсыра аламын ба?
Жоқ, қандай да бір аурудың өршуі кезінде қан тапсыруға болмайды; Әртүрлі аурулар үшін донорлықты тоқтату аралығын қабылдау кезінде қан орталығындағы дәрігер анықтайды.
СҰРАҚ № 7
Қан тапсыру қанша уақытты алады?
Қан тапсыруға 30-40 минут кетеді.