АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ

Владимирского 1а

ПН-ПТ 08:30-17:30

Қан донорларына арналған жеңілдіктер

  1. Тегін медициналық тексеру және денсаулық жағдайы туралы анықтама беру (АИТВ, В және С гепатиті, мерез, аланинаминотрансфераза және гемоглобин деңгейі, қан тобы және резус — фактор).
  2. Донация алдында ыстық шай
  3. Донациядан кейін 0,25 АЕК сомасына ыстық тамақ.
  4. Қан мен оның компоненттерін тапсырған күні-орташа жалақыны сақтай отырып жұмыстан босату немесе орташа айлық жалақыны сақтай отырып, басқа демалыс күні беріледі немесе бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.
  5. Донор болып табылатын әскери қызметші қан мен оның компоненттерін беру (донациялау) күндері нарядтарды, вахталарды және қызметтің басқа да нысандарын атқарудан босатылады.
  6. Донор болып табылатын студенттер, оқушылар қан мен оның компоненттерін беру (донациялау) күндері оқу-тәрбие үрдісінен босатылады