АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ

Владимирского 1а

ПН-ПТ 08:30-17:30

Орталық туралы

Байқау кеңесі мүшелігіне іріктеу — «Атырау облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған конкурстық комиссия байқау кеңесі мүшелігіне іріктеу жариялайды.

Күні: 23.09.2024, 11:00
Өтетін орны: Атырау қ., Әйтеке би көш., 77, облыс әкімдігі ғимараты, №330 каб.

Кәсіпорын туралы

«Атырау облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК. Негізгі қызметі: лицензияға сәйкес қан мен оның компоненттерін дайындау арқылы мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Орналасқан жері мен байланыс

060009, Атырау қ., Владимирский көш., 1а

8 (7122) 28 10 34, 28 26 02

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Жоғары білім және мына талаптардың біріне сәйкес болу:

  • Денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және/немесе экономика/қаржы/бизнес/құқық саласында кемінде 5 жыл тәжірибе.
  • Осы салаларда басшылық қызметте кемінде 3 жыл тәжірибе.
  • Салаға қатысты қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болу.

Сайланбайтындар

  • Соттылығы өтелмеген немесе алынбаған.
  • Заңды тұлға банкрот деп танылғанға дейін бір жылдан астам уақыт басшысы болған.
  • Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған.
  • Кеңес мүшесімен немесе кәсіпорын басшысымен жақын туыстық қатынастағы тұлға.

Құжаттарды тапсыру тәртібі

Құжат қабылдау мерзімі: 20.09.2024, сағат 18:00-ге дейін. Мекен-жайы: Атырау қ., Әйтеке би көш., 77, облыс әкімдігі ғимараты, №300 бөлме.

Құжаттар тізімі

  1. Өтініш (еркін нысанда).
  2. Түйіндеме (қазақ және орыс тілдерінде).
  3. Өмірбаян (еркін нысанда).
  4. Жеке куәліктің көшірмесі.
  5. Жоғары білім туралы құжат көшірмесі.
  6. ҚР ЕК 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат көшірмелері.
  7. Соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқтығын растайтын құжаттар (Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті береді).

Қосымша: біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже, жарияланымдар, ұсынымдар туралы құжаттарды ұсынуға болады.

Конверт ҚР ҰЭМ-нің 20.02.2015 ж. №113 бұйрығы талаптарына сай рәсімделуі тиіс.