- Тегін медициналық тексеру және денсаулық жағдайы туралы анықтама беру (АИТВ, В және С гепатиті, мерез, аланинаминотрансфераза және гемоглобин деңгейі, қан тобы және резус — фактор).
- Донация алдында ыстық шай
- Донациядан кейін 0,25 АЕК сомасына ыстық тамақ.
- Қан мен оның компоненттерін тапсырған күні-орташа жалақыны сақтай отырып жұмыстан босату немесе орташа айлық жалақыны сақтай отырып, басқа демалыс күні беріледі немесе бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.
- Донор болып табылатын әскери қызметші қан мен оның компоненттерін беру (донациялау) күндері нарядтарды, вахталарды және қызметтің басқа да нысандарын атқарудан босатылады.
- Донор болып табылатын студенттер, оқушылар қан мен оның компоненттерін беру (донациялау) күндері оқу-тәрбие үрдісінен босатылады