Атырау облыстық қан орталығының мінездемесі.

Облыстық ауруханада бөлімше болып тұрған жерінен 1972 жылдың 01 қаңтарынан бастап, үкіметтің қаулысымен өз алдына, облыстық қан құю бекеті болып құрылды.Үкіметтің 1994 жылы 28 қазан №1211 қаулысымен облыстық қан құю бекеттері, облыстық қан орталықтары болып аталды.

Атырау облыстық қан орталығының  жаңа  ғимараты  2008 жылдың  қараша  айында  берілді.

«Атырау облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-ның директоры Бахонов  Жангирхан Кенжетайұлы .

Атырау облыстық қан орталығы  IV- санатты, жылдық  Мемлекеттік  тапсырмамыз  жылына  8000  донор  қабылдау.

8000 донордан  алынған  донорлық  қаннан облыс көлемінде  ауруханалардың сұраныстары  бойынша қанның  құрамдас бөліктерін  дайындаймыз.

Құрамдары  мыналар:  қанның қызыл түйіршіктері, қанның  ақ  түйіршіктері, тромбоцитарлық пластинкалар,донорлық қаннан қатырылған сары сулар ( плазма), донорлық қаннан жуылған қанның қызыл түйіршіктері, қанның  топтамаларын анықтайтын сары  сулар ( гемосыворотка) дайындаймыз.

Жаңа  ғимараттың өзі үш қатарлы. Екі бөлімнен тұрады: әкімшілік  және медициналық.

Әкімшілік  екінші қатарда орналасқан: (директор, директордың медицина бөлімі бойынша орынбасары,аға медбике, директордың шаруашылық меңгерушісі, кадр бөлімінің инспекторы, бухгалтерия).

Медициналық  бөлімдер 1,2,3 қатарларда орналасқан.

Барлық зертханалардың бөлімшелері және қан дайындайтын бөлімшелер бүгінгі күннің  талабына  сәйкес Батыстың  жаңа  аппаратураларымен, оборудованияларымен жабдықталған.

Медициналық және дәрігерлік қызметтің мынадай түрлеріне берілді:

Диагностика: зертханалық (жалпы клиникалық зерттеулер), зертханалық (иммунологиялық зерттеулер), зертханалық (бактериологиялық зерттеулер), зертханалық (биохимиялық зерттеулер), адамның иммунитет тапшылығының вирусын   (АҚТҚ-диагностика)зертханалық диагностикалау, зертханалық (серологиялық зерттеулер).

қан мен оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, консервациялау, сақтау.