Егер Сіз, донор болуға бел бусаңыз, мына ақпаратпен танысып шығыңыз:
- Атырау облыстық Қан орталығына келіңіз. мкрн Авангард, Владимирская көшесі 1 а үй.
Қабылдау сағат 08:00-да басталады.
- Донор болуға бел буған азаматтар, донор сауалнамасын толтыруы керек. Қажет болған жағдайда оны толтыруға бөлім қызметкері көмектеседі және сауалнаманың дұрыс толтырылғанын тексеріп, тіркеу орнына жолдайды.
- Тіркеу орнында донорларды қабылдайтын терезе бар.
- Жасы 18-ге толған кез-келген дені сау адам донор бола алады.
- Донорда өзімен бірге жеке басын куәландыратын куәлігі немесе әскери қызметкерлер үшін әскери билеті болу керек.
- Тіркеу орнында донор, Донорлардың бірыңғай деректер базасы, арқылы тексеріледі, Донор, Орталыққа келген сайын, белгілі үлгідегі сауалнаманы толтырады.Тіреуден кейін донорлар алдын-ала зертханалық тексеруден өтеді. (қан тобы мен резус фактор, гемоглобин. АЛТ және Кеll антиген).
- Cодан кейін сіз трансфузиолог (терапевтің). байқауынан өтуіңіз қажет. Дәрігер дене қызуын, тамыр соғуын, артериялық қан қысымын өлшейді, құпия түрде әңгімелеседі және донорлардың сұрақтарына жауап береді. Қанды және оның компоненттерін тапсырудың тәртібі туралы мәлімет береді. Дәрігер, зертханалық және медициналық зерттеудің нәтижелерімен танысып, донорды қан алуға жіберу мен оның түрі туралы шешім қабылдайды.
- Қан тапсыруға жіберілген донорлар шайханаға барып, печенье мен тәтті шай ішкені пайдалы. Бұдан кейін 2 қабаттағы донор бөліміне көтерілу қажет.
- Қан тапсырғаннан кейін донорлар бірінші қабатқа түседі және тіркеу орнынан қанды және оның компоненттерін тапсырғаны туралы анықтама алады.
Қан және плазма донорларының назарына!
Мынаны білу қажет:
Қан тапсыру мен плазмаферезден кейін плазманың толық қауіпсіздігін қадағалау мақсатында плазма 4- ай карантинге салынатынын ескертеміз. 4- айдан кейін донор қайтадан кан-талдау рәсімінен өтуі қажет. Себебі, емдеу мекемелеріне плазма донорды қайта тексергеннен кейін ғана жібереді. Осылайша, перзентханалар мен балалар мекемелері үшін аса қажетті карантинделген плазманы медицина ұйымдарына дер кезінде жеткізу донорға тікелей байланысты.
Егерде донор 4- айдан кейін қайтадан кан-талдау үшін келмеген жағдайда қан-компонентері жойылады.
Тромбоциттер донорларының назарына!
Тромбоциттер сияқты донорлық жасушалардың жарамдылық мерзімі 5-7 күн болғандықтан, Орталық тромбоцитоферез шарасына ТҰРАҚТЫ донорларды ғана қабылдайды
Тұрақты донорлар қауіпсіз контингент болып табылады, денсаулықтары жіті қадағалауда болғандықтан, олардың арасында инфекциялардың таралу қауіпі өте төмен болады.